15.02.2010, 11:15 1340

Бас прокуратура Ил-76 ұшағы экипажының мүшелерінен жүктің сипаты туралы сұрау жүргізетін болады

Бас прокуратура Ил-76 ұшағы экипажының мүшелерінен жүктің сипаты туралы сұрау жүргізетін болады

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Ил-76 ұшағы экипажының мүшелерінен жүктің сипаты туралы сұрау жүргізетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 11 ақпанында Тайланд Корольдігінің соты Тайланд Бас прокурорының ұсынысымен Тайландта 2009 жылдың 11 желтоқсанында қару-жарақ тасымалдауға қатысты айыптау бойынша ұсталған Ил-76 ұшағы экипажының мүшелері, Қазақстан азаматтары И.И.Искаков, В.С.Шумков, В.Н.Абдуллаев, А.А.Зрыбневке және Белоруссия азаматы С.Петуховқа қатысты сот өндірісін аяқтауды қаулы етті.

2010 жылдың 12 ақпанында Тайланд билігі ұсталған Қазақстан және Белоруссия азаматтары - Ил-76 ұшағы экипажының мүшелерін қамаудан босатты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 13 ақпанында аталған азаматтар Алматы қаласының әуежайына келді.

"Ұшақтың экипаж мүшелерін тасыған жүк жөнінде хабардар болу деректері және жүктің сипаты туралы қазақстандық арнайы қызметтер сұрау жүргізетін болады. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы Тайланд тарапы хабардар етілетін болады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны