17.10.2007, 15:39 2894

Бас прокуратура Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді

Бас прокуратура Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Үй салушылардың басым бөлігінің өтемақы алуы неғайбіл, өйткені, олар қолдарындағы құжаттарды жерді сатып алудың заңсыздығын біле тұра алып, бұл қадамға қасақана барды", - деді С. Нұрпейісов журналистер сауалына берген жауабында. "Ирине, егер бұл дәлелденіп жатса, олар ешбір өтемақы ала алмайды", - деді ол.

Сонымен бірге, С.Нұрпейісовтың атап көрсеткеніндей, өтемақы төлеу мәселесі сот органдары арқылы ғана шешіледі. "Ир азамат онда өздерінің ісінің дұрыстығын дәлелдеп берсін", - деп атап өткен ол бас прокуратура тарапынан бүгінгі күні журналистерге хабарлай алатын жалғыз нәрсе осы екенін жеткізді. "Ал деректер мен тексеру нәтижелері артынан хабарланады", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны