16.04.2009, 17:59 3033

Бас прокуратура "Қазақатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясын тексеру жұмыстарын жүргізуде

Бас прокуратура "Қазақатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясын тексеру жұмыстарын жүргізуде

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура "Қазақатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясын тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ал "Нұр Отан" ХДП мүшесі Татьяна Квятковскаяның Жәкішевке қатысты мәлімдемесіне байланысты тексерулер жүргізіліп жатыр. Онда Бас прокуратураның тобы қатысуда. Тексеру шаралары жақын күндерде аяқталуы тиіс. "Қазір біздің қолымызда бұл мәселеге байланысты бірқатар деректер бар. Алайда мен оларды жария ете алмаймын. Меніңше, сіздер осыған байланысты қажетті ақпараттарды таяу күндері алатын боласыздар. Мұхтар Жәкішев ұлттық компанияда болып жатқан мәселелерден жан-жақты хабардар. Қандай да бір проблема туындап отырған жоқ", - деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда ақпарат құралдарында парламенттің бұрынғы депутаты Татьяна Квятковская баспасөз өкілдерімен арнайы мәслихат ұйымдастырып, "Қазақатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясының президенті Мұхтар Жәкішев "БТА банкінің" бұрынғы басшысы Мұхтар Ибіләзовпен бірлесіп, елдегі бірқатар уран кеніштерін болмашы бағаға сатып жіберді", деп айыптаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны