04.03.2010, 16:15 2920

Бас прокуратура "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының бұрынғы президентінің үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растайды

Бас прокуратура "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының бұрынғы президентінің үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растайды

Астана. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Бас прокуратура "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растайды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының бұрынғы президентінің үстінен заңсыз алынған мүлікті заңдастырып алуға байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растаймын", - деді журналистер сауалына жауап берген Нұрдәулет Сүйіндіков.

"Мұхтар Жәкішевтің үстінен қозғалған қылмыстық істі тексеріп жатқан тергеу тобы оның барысында жаңа деректердің бетін ашып, Жәкішев пен басқа да тұлғалардың үстінен заңдастыру дерегі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің үстінен жаңа қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмилә Жәкішева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жаңадан екі қылмыстық іс қозғаған, ал жуырда ғана, ақпанның аяғында тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Онда ұрлық, мемлекеттің қаражатын талан-таражға салу және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК бұрынғы қазынашылық қызметкері Ғалым Назаровқа заңсыз жалақы беру жөнінде айтылған", - деді Ж. Жәкішева.

Өз кезегінде Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің хабарлауынша, "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының бұрынғы президентінің үстінен қозғалған үшінші қылмыстық іс "заңсыз алынған мүлікті заңдастырып алуға" байланысты.

Адвокаттың мәліметінше, "жаңадан қозғалған бұл істердің барлығына да "құпия" белгісі қойылған, олар жеке өндіріске бөлінген және Алматыда тексеріледі".

"Жаңа қылмыстық істердің қозғалғандығы жайлы қаулымен танысу үшін мені тергеу абақтысына шақырды. Бірақ, бір өкінерлігі, мен бұл процессуалдық құжатпен танысқан жоқпын, өйткені, мемлекеттік құпияға қол жеткізу жөніндегі келісімім жоқ және осы қылмыстық іс бойынша қорғаушылық жасауға өкілеттілігім жоқ", - деді адвокат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны