18.03.2010, 16:29 2930

Бас прокуратура "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы президентіне қатысты қылмыстық іс үкімі жайында арнаулы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлауда

Бас прокуратура "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы президентіне қатысты қылмыстық іс үкімі жайында арнаулы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлауда

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Бас прокуратура "Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке қатысты қылмыстық іс үкімі бойынша арнаулы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлауда. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"М.Жәкішевке қатысты үкім шығарылауына байланысты қазір көптеген сұрақтар келіп түсуде. Бүгінгі жағдаймен біз үкімді әлі алған жоқпыз. Біз бұл сұрақтардың бәріне талдау жасап жатырмыз, таяу уақыттарда осы мәселе бойынша, мүмкіндігінше сот органдарын қатыстыра отырып, арнаулы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарладық", - деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Сондай-ақ, оның айтуынша, М.Жәкішевке қатысты жеке өндіріске бөлінген істер бойынша қазір тексеру жүргізіліп жатыр. "Істің қашан сотқа жіберілетіндігі жайлы қазір айту қиын", -деді ресми өкіл. Ол М.Жәкішевке қатысты қосымша үш қылмыстық іс қозғалғанын еске салып өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті қатал тәртіптегі абақтыда жазасын өтеумен 14 жылға бас бостандығынан айыруға, ал оның қорғаушысы Талғат Қыстаубаевты жалпы тәртіптегі абақтыда 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны