25.05.2007, 12:55 3039

Бас прокуратура КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтатты

АЛМАТЫ. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Кеше Бас прокуратураның өкілі "КТК" телеарнасына хабар таратуды үш айға тоқтату және "Караван" газетін шығаруды тоқтату туралы қаулыны табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Сөйтіп, еліміздегі ірі медиа-холдингтің жұмысы "Тілдер туралы" заңды бұзды деген себеппен үш айға тоқтатылды.

"Бұл мүлдем заңсыздық. Біз полициялық төңкеріс деуге тұратындай деңгейдегі полицейлік бассыздық дерегіне тап келіп отырмыз",- деп мәлімдеді "Караван" газетінің бас редакторы Александр Шухов болған оқиғаға қатысты берген түсініктемесінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны