29.03.2007, 19:13 3273

Бас прокуратура құқық қорғау органдарының жұмысынан өрескел заң бұзушылықтарды анықтады

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Бас прокуратура құқық қорғау органдарының қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеуге қатысты жұмысынан елеулі заң бұзышылықтарды анықтады, деп айтылған мекеменің кезекті алқа отырысының қорытындысы бойынша бейсенбіде таратылған баспасөз баянында.

"Құқық қорғау органдарының қылмыскерлерді, сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеу жөніндегі жұмыстары оң нәтиже бермейді. Сонымен қатар, олардың іс-қызметінде өрескел заң бұзушылықтар бар",- деп хабарлады қадағалау органы бас прокурор Рашид Түсіпбековтың баяндамасына сілтеме жасай отырып.

Яғни, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өткен жылдан қалғандарды қосқанда іздеуде 2836 қылмыскер бар. "Іздеудегі жалпы адамдардың арасынан іздеуде 256 адам өлтірген, 121 кісі зорлаушы, қарақшылық шабуыл жасаған 193 тұлға және 102 тонаушы бар. 139 адам денсаулыққа ауыр зардап келтіргені үшін, 44 адам - боспалаушылық үшін іздеуде жүр",- деп айтылған баспасөз баянында.

Алқа, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеу жөніндегі жұмыс негізсіз екінші қатарға қойылған. Баспасөз қызметі іздеуде 1574 адамның жүргендігін, олардың 456-ы әйел, 191-і кәмелеттік жасқа толмағандар мен жас балалар екендігін хабарлады.

"Прокурор тексеруі қаржы полициясы мен ішкі істер органдарының іздеу жұмыстарындағы негізгі проблемалы мәселелерді ашып берді",- деп атап өтті Бас прокуратурадағылар. Қадағалау органында, "барлық заң бұзушылықтарға жол беріп отырған бірінші себеп ведмостволық қадағалау сапасын төмендігі мен көрсеткіштердің соңынан түсу, іздеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі былықтардың болуы және мекеме аясынлағы тергеу және анықтау бөлімшелерінің арасында да, сондай-ақ басқа органдармен де өзара ықпалдастықтың болмауы", деп түсіндіріп өтті.

Баспасөз қызметінен, "Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарының прокурорларының назары азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалу деректері бойынша қылмыстық іс қозғауға және оны мұқият зерделеу қажеттігіне ауғандығын" хабарлады. Сонымен қатар, бас прокурор осы облыстардың, сондай-ақ Алматы мен Алматы облысының прокурорларынан іздеу саласындағы ахуалды түзетуге қатысты нақты қадағалау шараларын қабылдауды талап етті.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының арнайы есебі мен Құқықтық статистика жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелеріне құқықтық статистика субъектілерімен бірлесе отырып 1990 жыл мен осы уақытқа дейінгі кезеңдегі қозғалған іздеу істерінің санымен тоқтатылған қылмыстық істерді аты-жөнімен салыстыра отырып тексеруді тапсырды",- деп айтылған баспасөз баянында. "Бұл қылмыстық және іздеу істерінің жоғалуы, қозғалмаған қылмыстық істер мен қылмысты іздеу есебіне өз уақытанда қоймау деректерін анықтау үшін қажет",- деп хабарлады қадағалау органынан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны