21.04.2010, 12:31 2633

Бас прокуратура М. Иблязовты экстрадициялаудан бас тарту туралы мәліметті жоққа шығарады

Бас прокуратура М. Иблязовты экстрадициялаудан бас тарту туралы мәліметті жоққа шығарады

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Бас прокуратура М. Иблязовты экстрадициялаудан бас тарту туралы мәліметті жоққа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "соңғы кезде Интернет-сайттарда "Страсбургтегі Халықаралық соттың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына банк қаржысын ұрлауға қатысты қылмыстық іс бойынша өтетін Мұхтар Иблязовты және одан басқа алты адамды экстрадициялаудан бас тартуы" туралы ақпарат таратылған. Бас прокуратура бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады".

"Страсбургтегі адам құқықтары бойынша Еуропалық сотта М.Иблязовты экстрадициялауға қатысты қандайда бір іс қаралмаған. Яғни, аталған соттың осы мәселеге қатысты шешім шығаруы мүмкін емес. М.Иблязовтың сот төрелігінен Ұлыбритания аумағында жасырынып жүргені анық мәлім және аталған мемлекеттің құзыретті органдарымен оны экстрадициялауға қатысты шаралар қолданылмаған. Осыған орай, қазіргі кезде адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың М. Иблязовтың оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шағымдарын қарауға құқықтық негіздері жоқ",- делінген хабарламада.

Бас прокуратураның хабарлауынша, "демек, Страсбургтегі соттың М.Иблязов пен оның әрекеттестерін Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартуы туралы кез-келген ақпарат жалған және арандатушылық сипатты болып табылады және көпшілікті жаңылыстыруға бағытталған".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "М.Иблязовтың және оның әрекеттестерінің үстінен "БТА Банк" АҚ-ның қаржысын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша Қазақстанда және басқа да бірқатар мемлекеттерде (Ресей, Украина, Қырғызстан) қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айта кету қажет".

"Тергеу амалдары аяқталып, олардың кінәсі туралы дәлелдемелер жинақталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы М.Иблязов пен оның әрекеттестерін Қазақстанда және одан тысқары аумақтарда қылмыстық жауапкершілікке тартуға күш салады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны