02.04.2008, 19:04 2999

Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен әкімдіктердегі ішкі қаржылық бақылау қызметінің әділдігіне кепілдік бере алмайды - Кравченко

"Бізге ұсынылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының ішкі қаржылық бақылау және аудит қызметінің объективтілігі өз деңгейінде келмейді", - деді А. Кравченко. "Бұның себебі неліктен? Сіздер жасаған баяндамалардың көбісінде бұл сұраққа жауап айтылды. Мен тек қана мұндай объективтілікке кепілдік берілмесе, қаржылық тәртіптің бұзылуын анықтай отырып ішкі қадағалау және аудит органдары тиісті жариялылықтың орнына өздері тексеруі тиіс мемлекеттік органдардағы заң бұзушыларға кеңес беру органына айналу қаупі бар екенін атап айтқым келеді".

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен әкімдіктердегі ішкі қаржылық бақылау қызметінің әділдігіне кепілдік бере алмайды. Бұл туралы бүгін өткен "Қазақстан Республикасындағы ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметі мен заңдылығын бақылау департаментінің басшысы Андрей Кравченко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бізге ұсынылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының ішкі қаржылық бақылау және аудит қызметінің объективтілігі өз деңгейінде келмейді", - деді А. Кравченко.

"Бұның себебі неліктен? Сіздер жасаған баяндамалардың көбісінде бұл сұраққа жауап айтылды. Мен тек қана мұндай объективтілікке кепілдік берілмесе, қаржылық тәртіптің бұзылуын анықтай отырып ішкі қадағалау және аудит органдары тиісті жариялылықтың орнына өздері тексеруі тиіс мемлекеттік органдардағы заң бұзушыларға кеңес беру органына айналу қаупі бар екенін атап айтқым келеді", - деп сөзін толықтырды ол Қаржы министрлігінің өкілдеріне арнап.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны