02.04.2008, 19:52 3045

Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен әкімдіктердегі ішкі қаржылық бақылау қызметінің әділдігіне кепілдік бере алмайды - Кравченко (толықтырылған нұсқа)

Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен әкімдіктердегі ішкі қаржылық бақылау қызметінің әділдігіне кепілдік бере алмайды - Кравченко (толықтырылған нұсқа)

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен әкімдіктердегі ішкі қаржылық бақылау қызметінің әділдігіне кепілдік бере алмайды. Бұл туралы бүгін өткен "Қазақстан Республикасындағы ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметі мен заңдылығын бақылау департаментінің басшысы Андрей Кравченко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бізге ұсынылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының ішкі қаржылық бақылау және аудит қызметінің объективтілігі өз деңгейінде келмейді", - деді А. Кравченко.

"Бұның себебі неліктен? Сіздер жасаған баяндамалардың көбісінде бұл сұраққа жауап айтылды. Мен тек қана мұндай объективтілікке кепілдік берілмесе, қаржылық тәртіптің бұзылуын анықтай отырып ішкі қадағалау және аудит органдары тиісті жариялылықтың орнына өздері тексеруі тиіс мемлекеттік органдардағы заң бұзушыларға кеңес беру органына айналу қаупі бар екенін атап айтқым келеді", - деп сөзін толықтырды ол Қаржы министрлігінің өкілдеріне арнап.

Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитетінің өкілі Шолпан Шайназарова ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес ішкі бақылау қызметін құру 16 мемлекеттік органға рұқсат етілген. Ал бүгінгі таңда ол 14-інде жұмыс істеуде. "Олардың екеуі мемлекеттік органдарда Транспорт және коммуникация министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінде биылғы наурызда ғана құрылды. Бүгінгі таңда көрсетілген тізімнің ішінде тиісті құрылымдар Денсаулық сақтау министрлігі мен Жоғарғы сотта құрылған жоқ", - деп толықтырды ол.

"Қаржылық бақылау комиетінің қызметіне жасалған сараптама олар анықтаған барлық қаржылық заң бұзушылықтардың ішінде бюджет қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдалану жиі ұшырасады. Сонымен бірге, аталмыш заң бұзушылықтар ішкі бақылау қызметі құрылған министрліктерде ғана анықталып отыр", - деп атап көрсетті Қаржы министрлігінің өкілі.

Оның пайымдауынша, бұның басты себебі кейбір мемлекеттік органдардың Бюджеттік кодекстің 141-бабын орындамауынан туындап отыр. "Оған сәйкес, ішкі қаржылық бақылау қызметі орталық мемлекеттік орган жетекшісіне жауапты және осы мекеменің өзге құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық жағынан, сондай-ақ, функционалдық жағынан тәуелсіз болып табылады".

"Бірқатар министрліктерде осы қызметтердің бағыныштылық құрылымы кодекстің аталмыш нормасына қайшы келеді. Мысалы, Иділет министрлігінің орталық аппараты қаржылық жоспарлау және бақылау департаментінің бөлімшесі болып табылады. Яғни, аталмыш департаментке тәуелді болып келеді", - деп сөзін жалғады ол.

"Осы министрлік Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде ішкі қаржылық бақылау қызметін құрған. Бұл мұндай қызмет құруға рұқсат берілген мемлекеттік органдар тізімін бекіту туралы үкімет қаулысына қайшы", - деді Ш. Шайназарова.

Оның айтуынша осындай жағдай Ішкі істер министрлігінде де қайталанып отыр. Бұл органдағы ішкі қаржылық бақылау қызметі қаржылық қамтамасыз ету департаментінің алдында жауапты. Сонымен бірге, министрлік осы секілді қызметтерді Ішкі әскер комитетінде, облыстық, сондай-ақ, Алматы мен Астана қалаларындағы ішкі істер департаменттерінде құрған.

"Мұндай жағдайды біз Білім және ғылым министрлігінен де көріп отырмыз", - деп сөзін қорытындылады Ш. Шайназарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны