18.03.2010, 16:15 2853

Бас прокуратура республиканың барлық облыстарындағы су қоймаларының қорғаныш құрылғыларының жәй-күйіне тексеру тағайындады

Бас прокуратура республиканың барлық облыстарындағы су қоймаларының қорғаныш құрылғыларының жәй-күйіне тексеру тағайындады

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Басқа өңірлерде Қызылағаш ауылындағы секілді төтенше жағдайларды болдырмау үшін Бас прокуратура республиканың барлық облыстарындағы су қоймаларының қорғаныш құрылғыларының жәй-күйіне тексеру тағайындады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тексеру барысында су қоймаларының жеке иелікке берілу заңдылығына, меншік иелерінің қорғаныш құрылғыларын тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын жағдайда ұстап тұру жөніндегі міндеттерін орындау жағдайына айрықша назар аударылатын болады. Тексеру қорытындылары қосымша хабарланады",- деді Н.Сүйіндіков.

Оның хабарлауынша, прокуратура органдары Қызылағаш ауылында болған қайғылы жәйттің барлық мән-жайын анықтап, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту үшін барлық шараларды қолдануда.

"Алматы облысының прокуратурасы аталған факт бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғап, жекелеген лауазымды адамдар қамауға алынды. Бұл істердің тергеу барысы Бас прокурордың ерекше бақылауында",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны