26.07.2007, 17:20 2804

Бас прокуратура сайлау алдындағы кезеңде ағымдағы тексерулерді тоқтата тұруға шешім қабылдады

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Бас прокуратура сайлау алдындағы кезеңде ағымдағы тексерулерді тоқтата тұруға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір сайлау алдындағы кезең. Сол себепті тексерулер басты іс-қызметке кедергі келтіреді. Сондықтан да кейбір қолайсыздықтар тудырмау үшін біз сайлау қарсаңында мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарға кешенді тексерулер жүргізуді тоқтата тұруға ұйғардық", - деді С. Нұрпейісов.

"Ал заң бұзушылықтарға келсек, егер ондай жағдайлар болған күнде құқық қорғау органдары әрдайым шара қолданады, бұл іс, әлбетте , тоқтатылмайды ", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны