27.12.2006, 10:33 3080

Бас прокуратура Шелекте болған оқиғаға және оның бірқатар БАҚ-та жариялану жайына құқықтық баға беру туралы нұсқау берді

АСТАНА. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today. Бас прокурор Рашид Түсіпбеков Алматы облысының прокурорына Шелекте болған оқиғаға және оның бірқатар БАҚ-та жариялану жайына құқықтық баға беру туралы тапсырма берді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас прокурордың орынбасары Ілияс Бақтыбаев хабарлады.

"Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған оқиғаға қатысты әңгіме қозғалды. БАҚ -ның әсіре насихаттауынан оқиға түймедейден түйедей болып көрініп отыр",-деді Бақтыбаев. Оның айтуынша, бас прокурор облыстық прокурорға "өзге мемлекеттік органдармен қоса оқиғаның негізінде жатқан жайттарды саралап, осыншама деңгейге жетуіне /ұлтаралық кикілжің түрінде- Kazakhstan Today анықтамасы/ не себеп болғанын анықтау туралы тапсырма берді.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Шелек ауданында қазақ және ұйғыр жастары арасында жаппай төбелес болады. Жергілікті билік өкілдерінің пікірінше, оқиғаға тұрмыстық жайттар себеп болған. Алайда бірқатар БАҚ ұлтаралық қақтығыс болды деп жариялаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны