19.04.2017, 16:31 4968

Бас прокуратура соттылық туралы анықтаманы берудіӊ жаӊа үлгісін жария етті

Жаӊа Стандарт қабылданғаннан кейін соттылығы өтелген немесе алынып тасталған, оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған азаматтар "Соттылығы жоқ" жазбасымен таза анықтама алатын болады." - деді ҚР Бас прокуратурасыныӊ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініӊ төрағасы Бағдат Мусин.

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныӊ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті "Соттылық туралы анықтама берудіӊ жаӊа үлгісі туралы" тақырыбында брифинг өткізді.

2016 жылдыӊ 15 желтоқсанында Үкіметтіӊ №816 қаулысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміне соттылықтыӊ болуы немесе болмауы туралы анықтамаға қатысты өзгертулер енгізілді.

"Бүгінгі күннен бастап азаматтар жаӊа үлгідегі анықтаманы ала алады. Жаӊа тізілім бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтіӊ атауы "Тұлғаныӊ қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердіӊ болуы немесе болмауы туралы анықтама беру"-діӊ орнына "Соттылықтыӊ болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" болып өзгерді.

Жаӊа Стандарт қабылданғаннан кейін соттылығы өтелген немесе алынып тасталған, оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған азаматтар "Соттылығы жоқ" жазбасымен таза анықтама алатын болады." - деді ҚР Бас прокуратурасыныӊ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініӊ төрағасы Бағдат Мусин.

Айыппұл салынған адамдар оны төлегеннен кейін, соттылықтыӊ өтелуі туралы мәліметтерді енгізу үшін Комитеттіӊ аумақтық органдарына жүгінулері қажет.

Сондай-ақ, қағаз жүзінде соттылықтыӊ болуы немесе болмауы туралы апостиль қойылған анықтаманы қажет ететін шетелге шығатын тұлғаларға - анықтама 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған мерзімімен бірыӊғай қызметте берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны