07.05.2008, 16:37 2544

Бас прокуратура Иділет министрлігіне қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметіндегі заң бұзушылықтарды жоюды ұсынып отыр

Бас прокуратура Иділет министрлігіне қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметіндегі заң бұзушылықтарды жоюды ұсынып отыр

Астана. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура Иділет министрлігіне қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметіндегі заң бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныс енгізді. Бұл туралы бүгін брифингте бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

С. Нұрпейісов қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қоныс-колонияларының 2007 жылғы қызметінің заңдылығын Бас прокуратура сараптамадан өткізгенін атап көрсетті.

"Республикада 73 түзету мекемесі бар. Оның ішінде 17 колония жұмыс істейді. Өткен жылы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті олардың толысу шегін белгілеген. Ол 4800 сотталушыны құрайды. Алайда, прокурорлар анықтағандай, кейбір мекемелер лимитте белгіленген көрсеткіштен шындығында 3-4 есе аз адамды сыйдыруға ғана қабілетті екені мәлім болды", - деді С. Нұрпейісов.

Атап айтқанда, Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының қоныс-колониялары лимит бойынша 1770 адамды сыйдыра алады деп көрсетілгенімен, расында 774 сотталушыға арналған. "Яғни, лимит шын мүмкіндігінен 2,5 есе артығымен белгіленген", - деп атап көрсетті С. Нұрпейісов.

Бұл ретте ол мерзімінен бұрын шартты босатылатын тұлғаларға талаптарды қатайтумен бірге жағдай қиындап кеткен. Өйткені, шағымды өтеу мүмкіндігінің жоқтығы мерзімінен бұрын шартты босатуға кедергі болған. Сонымен бірге, заң жағымды мінездемесі бар сотталушыларды жеңілдетілген жағдайда ұстауға ауыстыруға мүмкіндік береді.

"Осылайша, қоныс-колонияларына жалпы және қатаң режимдегі колониялардан ауыстырылған сотталушылардың саны 2007 жылы 37 пайызға өскен", - деді бас прокуратураның өкілі.

С. Нұрпейісов әкімшілік тарапынан бақылаудың жоқтығы қоныс-колонияларындағы қылмыстық пен заң бұзушылық жағдайына кері әскер еткен. Мысалы, 2007 жылы қылмыс саны 2006 жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Тіпті, 4 аса ауыр және 18 ауыр қылмыс жасалған. Ал 2006 жылы қоныс-колонияларында жасалған қылмыстардың барлығы да орта деңгейдегі ауырлықта болған.

"Сараптама қылмыстардың көбісі Астана қаласы, Ақтөбе, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының мекемелерінің сотталушыларымен жасалғанын көрсетіп отыр. Тап осы жерлерде сотталушыларды белгіленген лимитпен орналастыру мүмкіндігі жоқ", - деп түсіндірді С. Нұрпейісов.

Сонымен қатар, прокуратураның тексеруі барысында Алматы облысындағы ЛА-155/12 мекемесі "заңсыз қызмет етіп" отырғаны анықталған. С. Нұрпейісов Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған Қылмыстық-атқару жүйесінің даму бағдарламасына сәйкес аталыш қоныс-колониясы қатаң режимдегі түзету колониясына айналдырылып, жөнделуі тиіс болғанын баяндады. Осыған байланысты қоныс-колониясының аумағындағы ғимараттар мен құрылыстар баланстан сызылып, бұзылуы тиіс болған.

"Қазіргі уақытта сотталушылардың жатақханасы, медициналық бөлім және асханадан басқа барлық ғимараттар бұзылған. Нәтижесінде қоныс-колониясы әкімшілік ғимаратынсыз, қоймасыз, қазандықсыз қалған. Сондай-ақ, мекеменің қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін басқа да қажетті нысандарынан айырылған. Ал әлі бұзылмаған (тұрып жатқан, тамақтанатын және медициналық қызмет алатын) ғимараттар қандай да бір құжаттарда тіркелмеген", - деп атап көрсетті бас прокуратураның өкілі.

"Қоныс колонияларында қалыптасқан жағдай қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қабылдап жатқан шаралардың бір бөлігі қылмыстық-атқару заңнамасының міндеттері мен мақсаттарына сай келмейтініне дәлел бола алады", - деп атап көрсетті С. Нұрпейісов.

Осыған байланысты Бас прокуратура Иділет министрлігіне заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс әзірлеген. С. Нұрпейісовтың мәліметтеріне сүйенсек, Иділет министрлігі анықталған заң бұзушылықтарды мойындаған және оларды жою үшін шаралар қабылдап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны