21.07.2008, 16:06 1262

Бас прокуратура үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындауда күдік тудырып отырған 80 құрылыс компаниясына тексеру жүргізуде

Бас прокуратура үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындауда күдік тудырып отырған 80 құрылыс компаниясына тексеру жүргізуде

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура үлескерлер алдындағы міндеттемелерін орындауда күдік тудырып отырған 80 құрылыс компаниясына тексеру жүргізуде. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиналыста ҚР бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, өз міндеттемелерін орындауға ықылас танытпай іс жүзінде үлескерлерді алдап соққан құрылыс компанияларына ең қатаң шаралар қолданылады. "Қазіргі таңда сегіз қылмыстық іс қозғалған. Және процессуалдық шешім қабылдау үшін сегіз іс қаржы полициясының органдарына берілген", - деп атап көрсетті бас прокурордың орынбасары.

Сонымен бірге, бас прокуратура үлескерлерге барынша көмектесіп, олардың қаражаттарын қауіпсіздендіруге тырысады, деп атап өтті А. Дауылбаев. "Біз өз құқықтарын қорғаулары үшін үлескерлерге барынша көмектесеміз. Үлескерлерді алдаған құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылып, ал олардың мүліктерінің барлығы үлескерлер мен мемлекет пайдасына тәркіленеді", - деп сөзін түйіндеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны