20.01.2015, 14:38 4140

Бас прокуратура жаӊа қылмыстық заӊнаманыӊ қолданылуына тексерісті бастады

Тексеріс нәтижелері Заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысында талданатын болады.

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізілімін енгізу жағдайында материалдар мен қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдау барысында жаӊа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге көшу жөніндегі ережелерді сақтау бойынша қабылданып отырған шаралардыӊ заӊдылығы, толықтығы және уақтылығына тексерісті бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бас прокуратураныӊ жұмысшы топтары жаӊа құқықтық актілерді қолданудыӊ проблемалық мәселелерін анықтау, жаӊа жағдайдағы құқықтық жүйеніӊ тиімді қызмет етуін қамтамасыз етудіӊ қажетті шараларын қабылдау мақсатында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстарыныӊ құқық қорғау және арнайы органдарын тексеруге кірісті.

Тексеріс нәтижелері Заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысында талданатын болады.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны