17.12.2011, 12:55 3328

Бас прокуратура Жаңаөзендегі жағдайға қатысты ресми хабарлама жасады

"Бүгін, 2011 жылдың 16 желтоқсан күні сағат 11.30-да Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мерекелік іс-шара кезінде бір топтың қылмыстық әрекеті салдарынан жаппай тәртіпсіздік болды". - деді ол.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Жаңаөзендегі жағдайға қатысты ресми хабарлама жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев Астанада өткен брифинг барысында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жағдайға байланысты хабарлама жасады.

"Бүгін, 2011 жылдың 16 желтоқсан күні сағат 11.30-да Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мерекелік іс-шара кезінде бір топтың қылмыстық әрекеті салдарынан жаппай тәртіпсіздік болды". - деді ол.

Оның айтуына қарағанда, тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын мерекелеу үшін орталық алаңға жиналған бейбіт азаматтар бұзақылардан құралған топтың шабуылына ұшырады. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған бұзақылар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, жаңажылдық шыршаны құлатты, мерекеге байланысты қойылған отау мен сахнаны қиратты және полицияның автобусын жағып жіберді. Бұзақылар бейбіт тұрғындарды ұрып-соғып, алаңға таяу тұрған автокөліктерге зақым келтіре бастады.

Басбұзар топ заңсыз әрекетті тоқтатуға шақырған құқық қорғау органдарының ескертулерін тыңдамай, тәртіп сақшыларына қаруларын тартып алу мақсатында шабуыл жасады. Олар оқпен ататын және суық қарулар қолданды.

Жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қалалық әкімшілік ғимараты, қонақ үйлер және "Өзенмұнайгаз" компаниясының әкімшілік ғимараты өртенді. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың мүліктері қирады, автокөліктер өртенді, банкоматтар тоналды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жаппай тәртіп бұзушылық салдарынан 10 адам қайтыс болды, жаралылар арасында полиция қызметкерлері бар.

"Жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді А.Дауылбаев.

Бас прокуратурадан хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Қасымов бастаған шұғыл іздестіру тобы қылмыстық әрекеттердің алдын алу, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды табу және жазаға тарту, қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру мақсатында Жаңаөзен қаласына ұшып шықты.

Бас прокуратура тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға олардың заң алдындағы жауапкершіліктерін ескертіп, заң бұзушылық әрекеттерді тоқтатуға шақырады.

Құқық қорғау органдары азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзатын барлық әрекеттердің алдын алуды көздейді.

Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ хабарлағандай, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қарамастан, "Өзенмұнайгаз" (ӨМГ) өндірістік филиалының барлық құрылымдық бөлімшелері штаттық кестеге сай жұмыс істеуде. ӨМГ жұмысшы тобы бүлікшілікке қатысқан жоқ.

ҚМГ БӨ басшылығы өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануда. Өнеркәсіп аумағын күзету қызметі күшейтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны