10.12.2009, 18:19 2852

Бас прокуратура Жантелеевтің атқарып жүрген лауазымында алдағы уақытта болуы туралы мәселені көтереді

Бас прокуратура Жантелеевтің атқарып жүрген лауазымында алдағы уақытта болуы туралы мәселені көтереді

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қожамжаровтың атына Жантелеев Айдын Бақытұлының атқарып жүрген лауазымында алдағы уақытта болуы туралы мәселені көтере отырып, ұсыныс енгізілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бас прокуратураның осыған байланысты хабарламасын толық келтіріп отырмыз:

"Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласының Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Айдын Жантелеевке қатысты қылмыстық іс Бас прокуратурамен оның әрекеттерінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты қысқартылған болатын.

Мұндай шешімді қабылдауға Жантелеевті ұстау барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің тарапынан орын алған өрескел заң бұзушылықтар негіз болды. Жиынтығында ол заң бұзушылықтар Жантелеевке тағылған қылмысты жасағаны туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік берген жоқ. Ал кез-келген күдіктің айыпталушының пайдасына шешілетіндігі белгілі, бұл конституциялық қағида.

Жантелеевті ұстау барысында ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен ол жерде кездейсоқ болып қалған 4 адамға қатысты қандай да бір заңды негізсіз ұстау, кісен салу, медициналық бақылаудан өту сияқты мәжбүрлеу шаралары заңсыз қолданылғандығын атап өту қажет. Мұнымен шектелмей, аталған 4 адам ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратына жеткізіліп, ол жерде келесі күннің таңына дейін заңсыз ұсталып отырған. Бұл фактілер бойынша қазір тергеу жүргізілуде.

Жантелеев ісі бойынша аталған шешімді қабылдауда қандай да бір таңдаушылық болған жоқ, прокуратура органдары осыған ұқсас іс жүргізуде жіберілген заң бұзушылықтар немесе ол үшін өзге де заңды негіздері бар кез-келген қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы қабылдайтынын ерекше атап өту қажет.

Ағымдағы жылдың 11 айында прокурорлар ақтау негіздері бойынша 153 қылмыстық істі қысқартқан, оның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 11 іс бар.

Оның ұсталуына қатысты кейбір деректер прокуратура органдарының назарынан тыс қалған жоқ.

Жантелеевтің адамдармен қарым-қатынаста талғаусыздық танытатындығы, оның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар адамдармен байланысы туралы мәліметтер алынды.

Бас прокуратура Жантелеевтің мұндай әрекеттері құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органда басшылық лауазымда болуына сәйкес келмейді деп санайды.

Осыған байланысты, Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қожамжаровтың атына Жантелеев Айдын Бақытұлының атқарып жүрген лауазымында алдағы уақытта болуы туралы мәселені көтере отырып, ұсыныс енгізілді.

Енгізілген ұсыныс нәтижелері туралы сіздерге қосымша хабарланатын болады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны