31.07.2007, 17:30 5909

Бас прокуратура жергілікті атқарушы органдардың сайлау заңын бұзу деректері жойылмаған жағдайда Алматы әкімшілігіне қатаң шара қолданбақшы

АСТАНА. 31 - шілде. Kazakhstan Today. Бас прокуратура жергілікті атқарушы органдардың сайлау заңын бұзу деректері жойылмаған жағдайда Алматы әкімшілігіне қатаң шара қолдануға уәде берді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен "дөңгелек үстел" барысында бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жалпыұлттық социал -демократиялық партиясының сайлау алдындағы орталық штаб басшысы Жандосовтың Алматының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманының заңға қайшы іс-әрекеті туралы шағымын қарау нәтижесі бойынша қала әкімінің бірінші орынбасарына заңда үгіт-насихат материалдары тілді дамыту жөніндегі басқармамен келісу қарастырылмағандығы туралы, сонымен қатар депутаттыққа үміткерлерге, олардың сенімді тұлғаларына, саяси партияларға өздерінің сайлау алдындағы нәсихат жұмыстарын жүргізу құқықтарын жүзеге асыру процессінде кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапқа тартылатындығы туралы заңға түсініктеме берілді",- деді Асхат Дауылбаев.

"Яғни осы кезеңде әкімшіліктің лауазымды тұлғалары тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілген. Бірақ біз бұл заң бұзушылықты қарай отырып, заңға сәйкес түсінік беріп, әкімшілікке осы тектес заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуды ұсындық",- деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, "дөңгелек үстел" барысында Жалпыұлттық социал -демократиялық партиясының өкілдері осы уақытқа дейін заң бұзушылықтардың "қалпына келтірілмегендігін" мәлім етті. "Кейбір шенеуніктер бізге Алматы бойынша үгіт- насихат материалдарымызды ілуге мүмкіндік бермей отыр",- деп мәлім етті партия өкілі.

"Біз бұл деректің мән-жайын анықтаймыз. Мен бүгін тексеремін. Егер тиісті құрылымдар заңға түсінік бермесе, онда қатаң жаза қолданылатын болады",- деп уәде берді А. Дауылбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны