25.05.2010, 17:43 2992

Бас прокуратура Жол полициясы органдарының апаттылықтың жалпы көрінісін беретін есепке алу-тіркеу жұмысындағы елеулі кемшіліктерді атап көрсетті

Бас прокуратура Жол полициясы органдарының апаттылықтың жалпы көрінісін беретін есепке алу-тіркеу жұмысындағы елеулі кемшіліктерді атап көрсетті

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Жол полициясы органдарының апаттылықтың жалпы көрінісін беретін есепке алу-тіркеу жұмысындағы елеулі кемшіліктерді атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кезекті алқа мәжілісі өтіп, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардағы әкімшілік заңдарды қолданудағы заңдылықтың жәй-күйі қарастырылды.

Құзыретті органдардың қолданып отырған шараларына қарамастан, автомобиль қозғалысы саласында апатты жағдайлар мен адам шығындары түбегейлі жойылмай отыр.

Осыған орай, алқаға қатысушылар қаралып отырған мәселенің және оған қатысты заңдарды одан әрі жетілдірудің, уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігін көтерудің өзектілігін атап көрсетті. Жол полициясы органдарының апаттылықтың жалпы көрінісін беретін есепке алу-тіркеу жұмысындағы елеулі кемшіліктері де қадап айтылды.

Сондай-ақ, алқаға қатысушылар жол полициясы, кеден, Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт қадағалау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының әкімшілік заңдарын қолдану кезіндегі азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады.

Алқа жұмысы барысында Бас прокурор Қ. Мәми уәкілетті органдардан жол қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, ведомстволық актілерде байқалып отырған олқылықтар мен қарама қайшылықтарды жоюды, сондай-ақ әкімшілік материалдарды қарау барысында заңдылықтың бұзылу фактілерін болдырмауды талап етті.

Алқадағы талқылаудың нәтижесінде жол қозғалысы саласындағы есепке алу-тіркеу тәртібін жетілдіруге, осы бағыт бойынша ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалауды күшейтуге, сондай-ақ әкімшілік өндіріске тартылған азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған шешім қабылдады.

Алқа жұмысына Республика президенті әкімшілігінің, премьер-министр кеңсесінің, Жоғарғы соттың өкілдері, әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктердің жауапты лауазымды адамдары және басқалар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны