16.08.2007, 18:43 2978

Бас прокуратура ЖСДП-ның сайлау алдындағы сыртқы жарнаманы орналастыру үшін орын бөлінбеу оқиғасының жаппай белең алғаны туралы ақпаратын жоққа шығарады

Бас прокуратура Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлау алдындағы сыртқы жарнаманы орналастыру үшін орын бөлінбеу оқиғасының жаппай белең алғаны туралы ақпаратын жоққа шығарады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16-тамыз. Kazakhstan Today. Бас прокуратура Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлау алдындағы сыртқы жарнаманы орналастыру үшін орын бөлінбеу оқиғасының жаппай белең алғаны туралы ақпаратын жоққа шығарады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов құлағдар етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

Оның айтуынша, 2007 жылдың 7 тамызында бір сайтта Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның орталық сайлау алдындағы үгіт штабының баспасөз парақшалары жарияланған, онда "сайлау алдындағы сыртқы жарнаманы орналастыру үшін орын бөлу туралы жергілікті атқарушы органдар мен басқа да уәкілетті ұйымдарға қайта-қайта жасаған өтініштерінің нәтижесіз болғаны айтылған".

Прокуратура органындағы ақпараттар бойынша республикада иелері негізінен шаруашылық жүргізуші болып табылатын 5845 билборд орналастырылған.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері билбордтардың меншік иелеріне іс жүзінде шағымданбағаны анықталды",- деді өкіл.

Мысалы, прокуратураның сұрау салуына орай Алматы қаласының билборд меншік иелерінің берген ақпараты бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның "ТВ Медиа - сыртқы жарнама" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 70 билборд орналастыру жөніндегі өтініштері 2007 жылдың 2 тамызында келіп түскен. "Алайда бұл серіктестікте ол уақытта үгіт жарнамасын орналастыру үшін 10 орын ғана қалған, олар Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға соны ұсынған. Бұл партиядан келісім-шартқа отыруды растау қағазы әлі күнге дейін түскен жоқ",- деді С.Нұрпейісов.

Бас прокуратураның ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бес билбордты орналастыру жөніндегі өтінішін қанағаттандырды, олар бүгінде өз орнында тұр.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Петропавл қаласының әкімінің орынбасарына жасаған үш ауызекі өтініштері бойынша "Қызыл Жар-Жарнама" мемлекеттік кәсіпорыны мен "Архстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі басшыларына үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат берілген. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері үгіт материалдарын орналастырудан өздері бас тартқан",- деді қадағалаушы орган өкілі.

"Қолда бар мәліметтерге қарағанда Атырау қаласында бос орын болмағандықтан үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі бір өтініш қана қанағаттандырылмаған",- деді С.Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны