17.03.2014, 20:19 3235

Бас прокуратурада еліміздегі өрт қауіпсіздігінің 2011-2013 жылдардағы жай-күйі мәселелері талқыланды

Соңғы үш жылда елімізде 46024 өрт оқиғасы орын алған, онда 1464 адам, соның ішінде 174 бала қаза тауып, 1776 адам түрлі жарақаттар алған. Өрт салдарынан келген жалпы шығынның мөлшері шамамен 15,5 млрд. теңгені құрады. Барлық өрттердің шамамен 70 пайызы тұрғын үйлер секторларында орын алған.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысы болып, онда еліміздегі өрт қауіпсіздігінің 2011-2013 жылдардағы жай-күйі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Икімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Парламент депутаттары, ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат министрліктерінің басшылары қатысты.

Бас прокуратура Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікпен бірлесіп, еліміздің соңғы үш жылдағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйін талдады. Талдау өрттің алдын алу жөніндегі жұмыстардың жеткіліксіз екендігін көрсетті. Прокурорлар өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерінің түрлі өртке, орасан мүліктік шығындарға, адам өлімдеріне әкеп соқтырған көптеген бұзылушылықтарын анықтады.

Соңғы үш жылда елімізде 46024 өрт оқиғасы орын алған, онда 1464 адам, соның ішінде 174 бала қаза тауып, 1776 адам түрлі жарақаттар алған. Өрт салдарынан келген жалпы шығынның мөлшері шамамен 15,5 млрд. теңгені құрады. Барлық өрттердің шамамен 70 пайызы тұрғын үйлер секторларында орын алған.

Бұл ретте, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесі республикамыздағы 6 989 елді мекеннің 272-сін ғана қорғауды қамтамасыз ете алады. Ауылдық мекендердің 90 пайызы өрттен қорғану жүйесімен қаматамасыз етілмеген. Өрт деполары ғимараттарының шамамен 65 пайызының пайдаланылғандығына қырық жылдан асқандықтан, олардың кейбірі апатты жағдайда деп танылған.

Сонымен бірге, Бас Прокурор өз баяндамасында атап өткендей, бұл көрсеткіштердің өзі еліміздегі өрт қауіпсіздігіне қатысты шынайы жағдайды толыққанды көрсете алмайды, өйткені бұл саладағы мемлекеттік есепке алу әлі де дұрыс жолға қойылмаған. Анықталған бұзушылықтар, негізінен алдын ала ескерту іс-шараларын жүзеге асыруға тиісті органдардың жіберген кемшіліктері мен олқылықтарына байланысты, құқық бұзушылықтардың дер кезінде анықталмауына және жойылмауына байланысты орын алып отыр.

Осы саладағы маңызды проблемалар - өрт сөндіру бөлімшелерінің техникалық нашар жарақталуы, алыс орналасқан елді мекендерді өрттен толыққанды қорғауға мүмкіндіктің болмауы, ерікті өрт сөндіру құрамалары жұмыстарының тиімсіздігі, өрт фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің тергелу сапасының төмендігі. Мысалы, негізінен қылмыстарды тергеудің әдіс-тәжірибесі болмауы салдарынан осы санатта тіркелген 2942 қылмыстың 70 пайызы ашылмай қалып отыр.

Бұдан өзге, өрт қауіпсіздігін және өрттің салдарын жоюды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың бюджеттен тиісінше қаржыландырылмауы, бақылау-қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру барысында қылмыстық немқұрайлылық пен сыбайлас жемқорлық оқиғаларының көрініс беруі және т.б. заңдылықтың жай-күйіне елеулі түрде әсер етеді.

Талқылаудың қорытындылары бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында елімізде өрт қауіпсіздігінің тиімді жүйесін құруға, азаматтар мен экономика объектілерінің өрттен қорғалуы деңгейін тиісінше қамтамасыз етуге, пәрменді мемлекеттік бақылауды жолға қоюға және өрттер мен олардың салдарларын есепке алуға бағытталған заңнамалық актілер әзірлеуге ұсыным берді. Тұрғын үйлер секторын, сондай-ақ адамдар көп жиналтын объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін Бас Прокурор негізгі міндет ретінде айқындап көрсетті.

Жиналысқа бейнеконференциялық байланыс арқылы қатысқан жергілікті атқарушы органдардың басшыларына ерікті өрт сөндірушілер құрамалары жұмыстарының тиімділігін арттыру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі тапсырылды.

Аумақтқ прокуратура органдарына уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң талаптарын орындауын, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде қауіпсіздік үшін тиісті жағдай жасауды, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесуді орындауын жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны