23.02.2024, 21:12 61501

Бас прокуратурада пенитенциарлық жүйе мекемелерінің мәселелері талқыланды

Бас прокуратурада пенитенциарлық жүйе мекемелерінің мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

ҚР ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нәтижелері, оның ішінде сотталғандарды ұстау жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайларды халықаралық стандарттарға жақындату шаралары талқыланды.

Бас Прокурор сотталғандардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қатаң сақтау, заңда көзделген өкілеттіктерді пайдалану, заңдардың дәл және біркелкі қолданылуына қол жеткізу, сондай-ақ анықталған заң бұзушылықтарының алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қолдану қажеттігін атап өтті.

Осы мақсатта Үйлестіру кеңесінің шешімімен уәкілетті органдарға сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды және радикалды діни ағымдарды таратуды күшейту, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны