26.02.2009, 18:43 2963

Бас прокуратураға мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаевтан өз телефонын ҰҚК қызметкерлерінің тыңдағаны туралы әзірге сауал келген жоқ

Бас прокуратураға мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаевтан өз телефонын ҰҚК қызметкерлерінің тыңдағаны туралы әзірге сауал келген жоқ

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратураға мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаевтан өз телефонын ҰҚК қызметкерлерінің тыңдағаны туралы әзірге сауал келген жоқ. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін өзінің телефон әңгімелерін тыңдады деп, ал "Арыстан" арнаулы бөлімшесін рейдерлікке жәрдемдесті деп айыптауда. Ол мемлекет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалын кеше өткен мәжілістің жалпы отырысында жария еткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны