02.08.2007, 18:05 2761

Бас прокуратураның алдын ала бағалауы бойынша ЖСДП-ның сайлау алдындағы роликтерінің бірі "әлеуметтік жік тудыратын мазмұнда"

АСТАНА. 2 - тамыз. Kazakhstan Today. Бас прокуратураның алдын ала бағалауы бойынша ЖСДП-ның сайлау алдындағы роликтерінің бірі "әлеуметтік жік тудыратын мазмұнда". Бұл туралы бүгін брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім еті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі..

"Біздің пайымдауымызша, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның "Бір жақ - екі тағдыр..." атты ролигінде әлеуметтік жік тудыру белгілері бар",- деді Сапарбек Нұрпейісов.

"Бұл біздің алдын ала жасаған пікіріміз, қазір осы мәселе бойынша Иділет министрлігінің жүйесі 30-шілдеде тағайындаған тиісті сараптама жүргізіліп жатыр, сондықтан да біз сараптама қорытындысын алғанға дейін бұл мәселеге қатысты ресми түрде ештеңе айта алмаймыз", - деп қосты ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны