10.12.2009, 18:47 2917

Бас прокуратураның бастамасымен 53 материал экстремистік деген тізімнен алынды

Бас прокуратураның бастамасымен 53 материал экстремистік деген тізімнен алынды

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бас прокуратураның бастамасымен 53 материал экстремистік деген тізімнен алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астана қаласының соты Бас прокуратураның бастамасымен ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы сот шешімін қайта қарады. Жаңа қараудың нәтижесінде ағымдағы жылдың 2-желтоқсанында сотпен жаңа шешім шығарылып, бұрын экстремистік болып танылған материалдардың тізімінен белгісіз адамдардың Құран сүрелеріне жасаған түсіндірмелері бар дыбыс таспаларды қоса алғанда 53-і алынып тасталды",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны