02.09.2010, 17:57 3808

Бас прокуратураның департамент бастығы қызметтік құпияны жария етті деген күдікпен ұсталды

Бас прокуратураның департамент бастығы қызметтік құпияны жария етті деген күдікпен ұсталды

Астана. 2 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Бас прокуратурасының жедел іздестіру шараларының заңдылығын қадағалау жөніндегі департамент бастығы Мурат Мұсабеков қызметтік құпияны жария етті деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н. Сүйіндіковтың айтуынша, "М. Мұсабековке қатысты арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның қызметтік құпияны жария еткендігі анықталған".

Қызметтік тексеру нәтижесінде ол департамент басшысы қызметінен босатылған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 172-ші және 308-ші баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны