21.12.2009, 19:00 2896

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде шекара туралы заңнаманың, қару, жарылғыш заттар және жарылыс қондырғыларының айналымы саласындағы тексеру нәтижелері талқыланды

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде шекара туралы заңнаманың, қару, жарылғыш заттар және жарылыс қондырғыларының айналымы саласындағы тексеру нәтижелері талқыланды

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде шекара туралы заңнаманың, қару, жарылғыш заттар және жарылыс қондырғыларының айналымы саласындағы тексеру нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Бас прокурор Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Алқа мәжілісінде мемлекеттік шекара туралы заңнаманың, қару, жарылғыш заттар және жарылыс қондырғыларының айналымы саласындағы тексеру нәтижелері, сондай-ақ заңдық маңызы бар деректерді анықтау туралы азаматтық істер бойынша прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы жасалған қорытындылар қарастырылды.

Атап айтқанда, алқаға қатысушылар шекарадағы өткізу пункттерін онан әрі күшейту, шекаралардағы шекара бөлімшелерін бекіту, сондай-ақ қару айналымы саласындағы әрекет етуші заңнаманы сақтау және азаматтық істер бойынша заңдық маңызы бар деректерді анықтау туралы іс жүргізу нормаларын қолдану тәжірибесіне қатысты кейбір мәселелерді талқылады.

Алқа мәжілісінің қорытындысында қарастырылған мәселелер бойынша заңдылықты тиісті қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылданды.

Алқа мәжілісінің жұмысына мемлекет басшысы әкімшілігінің бөлім меңгерушісі А. Шпекбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Шаяхметов, Төтенше жағдайлар министрі В.Божко, Көлік және коммуникациялар министрі И. Құсайынов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С. Біләлов, Жоғарғы Сот, ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының атқарушы органдарының өкілдері және басқалар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны