04.03.2010, 16:03 2964

Бас прокуратураның тексеруінің нәтижесінде екі мыңға жуық жылжымалы құрам бірлігінің пайдалануы тоқтатылды

Бас прокуратураның тексеруінің нәтижесінде екі мыңға жуық жылжымалы құрам бірлігінің пайдалануы тоқтатылды

Астана. 4 наурыз. Kazakhstan Today - Бас прокуратураның тексеруінің нәтижесінде екі мыңға жуық жылжымалы құрам бірлігінің пайдалануы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бас прокуратура теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша жоспарлы тексеру жүргізді.

"Тексеру жылжымалы құрамның тозу пайызының әлі де жоғары деңгейде екендігін, оның қозғалыс, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған орта қауіпсіздігіне қатер туғызуы бұл саланың түйткілді мәселесі күйінде қалып отырғанын көрсетті. Мәселен, "Локомотив" АҚ-да локомотив паркінің тозуы 70 пайыздан астам болса, "Қазтеміртранс" АҚ да тозығы жеткен 60 мыңға жуық жүк вагондарын пайдаланып отыр",- делінген хабарламада.

Мееменің хабарлауынша, "тексерумен жоспарлы жөндеуден өтпеген теміржол құрамын пайдалану деректері де анықталды. Ал өз кезегінде ол жөндеулердің өзі де оңып тұрған жоқ. Орталық көлік аймағында прокурорлардың талабы бойынша жоспарлы жөндеуден өтпеген 113 локомотивтің одан әрі пайдалануы тоқтатылды. Батыс аймақтық көлік прокуратурасы сапасыз жөнделген 1 мыңнан астам вагонды пайдалануды тоқтатты".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "тасымал үдерісіне біліктілік талаптарына сай келмейтін қызметшілердің қатысуы фактілері де анықталды. Мәселен, Қостанай локомотив депосының 54 қызметкері арнаулы білімі бар деген жалған құжат ұсынған".

Жалпы, тексеру барысында прокуратураның талаптары бойынша 2000-ға жуық жылжымалы құрам бірлігінің пайдалануы тоқтатылып, 300-ден астам тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

"Бас прокуратураның ұсынысы негізінде Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтіп, жылжымалы құрамның тозуын төмендету шараларын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, 2010-2012 жылдары аралығында 6 мың жүк вагонын сатып алу жоспарланып отыр. 2020 жылға дейін есептелген арнаулы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жолаушылар вагондары паркін жаңарту жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны