25.07.2008, 18:39 2784

Бас прокуратураның тексерулерінің нәтижесінде аумағы 807 гектарды құрайтын 159 жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылды

Бас прокуратураның тексерулерінің нәтижесінде аумағы 807 гектарды құрайтын 159 жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылды

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратураның тексерулерінің нәтижесінде аумағы 807 гектарды құрайтын 159 жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуроры аппаратының жетекшісі Хәкім Күшқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жылдың бірінші жартысында Астананың және облыс орталықтарының маңындағы жерлердің сатып алыну заңдылығы тексеріліп, заңсыз сатып алынған жерлерді мемлекетке қайтарып алуға шаралар қолданылды.

"Республиканың барлық өңірлерінде жергілікті атқарушы билік органдарының іс-қызметінен қолданыстағы заңнама талаптарын көптеп бұзу оқиғалары тіркелді", - деді Х. Күшқалиев.

Оның айтуынша, әкімдердің өз өкілеттілігін асыра пайдалануы, елдімекендерде құрылыс салудың бас жоспарының болмауы, жер телімінің арналған мақсатын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмай тұрып ауыстыру, жер телімін беру тәртіптерін бұзу, заңды тұлғаларға жеке баспана тұрғызуға жер телімдерін беру оқиғалары тіркелген.

Бас прокуратураның мәліметінше, тексерулердің қорытындысы бйоынша барлығы 234 прокурорлық қадағалау актісі, соның ішінде 106 қарсылық, 35 таныстыру, 81 шағым түсіріліп, 12 лауазым иесі жауапкершілікке тартылды.

Тексерулер одан әрі жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны