29.06.2017, 14:54 4041

Бас Прокурор Англия мен Уэльстіӊ бұрынғы Жоғарғы судьясымен кездесті

Бас прокуратурада Бас Прокурор Жақып Асановтыӊ Англия мен Уэльстіӊ бұрынғы Жоғарғы судьясы, Блакстоун Чемберс тобыныӊ төрешісі мен медиаторы, Сот және Халықаралық төрелік орталығын құру мен дамыту бойынша "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ сарапшысы Лорд Вульфпен кездесуі өтті.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Бас прокуратурада Бас Прокурор Жақып Асановтыӊ Англия мен Уэльстіӊ бұрынғы Жоғарғы судьясы, Блакстоун Чемберс тобыныӊ төрешісі мен медиаторы, Сот және Халықаралық төрелік орталығын құру мен дамыту бойынша "Астана" Халықаралық қаржы орталығыныӊ сарапшысы Лорд Вульфпен кездесуі өтті.

Сондай-ақ, аталған іс-шараға Қазақстан Бас Прокурорыныӊ орынбасары Андрей Кравченко, Халықаралық қаржы орталығыныӊ басқарушысы Қайрат Келімбетов пен "Астана" Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов қатысты.

Кездесу барысында ҚР Бас прокуратурасы құратын Сот және Халықаралық төрелік орталығымен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу соӊында Ж.Асанов Лорд Вульфқа сапары үшін алғысын айта отырып, осы кездесу ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша серпін болады деген сенімін білдірді,- деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны