29.06.2006, 10:06 2761

Бас прокурор Астана қаласы прокуратурасының үйлестіру рөлінің әлсіздігін атап өтті

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бас прокурор Астана қаласы прокуратурасының үйлестіру рөлінің әлсіздігін атап өтті. Бұл туралы ҚР Бас Прокуроры Рашид Түсіпбеков Астана қаласы прокуратурасы, астаналық құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі басқармасы және Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасы қызметкерлерімен қызметтік этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өткен кеңесте атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы жиналыс барысында бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың қолданылуына жүргізілген қадағалау нәтижелеріне нақты баға беріп, осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде бірнеше міндеттерді белгіледі. Ол бойынша қылмыстық қудалау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің ықпалы нашар деген баға берілді.

Сонымен қатар, бас прокурор прокуратура органдарындағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін ең қатаң шаралардың қабылдануы қажет екенін айтты.
Ол ішкі қауіпсіздікке жауап беретін кадр қызметінің жұмысын жетілдіруді талап етті. Билік органдарының жүйесінде кішігірім заң бұзушылықтың өзі қоғамның оларға деген теріс қатынасын қалыптастырады, сенімсіздік туғызады және сыбайлас жемқоррлыққа қарсы күрес бойынша жүргізілген жұмыстардың барлығын жоққа шығарады, деді бас прокурор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны