11.06.2015, 15:32 3753

Бас прокурор балаларға қатысты зорлық жасау қылмыстарыныӊ негізгі себептерін атады

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Заӊдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстандағы балалардыӊ сексуалдық сипаттағы зорлыққа тап болуыныӊ негізгі себептерін атады

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Заӊдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстандағы балалардыӊ сексуалдық сипаттағы зорлыққа тап болуыныӊ негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ пікірінше, алкоголизм және төмен әлеуметтік статус адамдарды осындай қылмыстарға итермелейді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Осындай бейнероликтерді көре алатын және тарата алатын әлеуметтік желілер халық, соныӊ ішінде балалар үшін қолжетімді. Интернет қауымдастықтыӊ соӊғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда балалар порнографиясы және балаларға қатысты зорлық жасалған видеолар көп тіркелген. Сондай-ақ алкоголизм де осы жағдайға себепші факторлардыӊ бірі. Мұндай қылмыстардыӊ көбісі мас күйде жасалады. ДДҰ мәліметіне сүйенсек, біз алкогольді тұтыну индексі бойынша Орталық Азия елдерініӊ ішінде көш бастап тұрмыз. Сонымен қатар, кәмелет жасына толмаған зардап шегушілер тәрбиеленетін отбасыныӊ әлеуметтік статусыныӊ төмендігі де себеп", - дейді А.Дауылбаев.

Бас прокурор мұндай қылмыстардыӊ жасалуына әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және адамгершілік проблемалардан туындайтынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны