12.06.2007, 18:24 2979

Бас прокурор ішкі істер органдарының пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстармен күрестегі қызметіне қатаң баға берді

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Бас Прокурор Рашид Түсіпбеков ішкі істер органдарының пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстармен күрестегі қызметіне қатаң да принципті баға беріп, тиісті құрылымдардан бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді талап етті. Бұл туралы Бас прокурор 2006 жыл мен 2007 жылдың І тоқсаны аралығындағы пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстармен күресу, алдын-ала тергеу және анықтау өндірісі кезінде заңдылықтың сақталуы, сонымен қатар бұл санаттағы қылмыстық істерді тексеру кезіндегі прокурорлық қадағалаудың тиімділігі мәселелері жөнінде алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілдтеме жасап.

Мәселен, прокурорлық тексеру барысында 2006 жыл мен 2007 жылдың І тоқсанында 439 жасырылған пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстардан 353 тонау, 72 қарақшылық шабуыл, 14 бопсалаушылық анықталып есепке алынды.

Алқа мәжілісінің барысында прокурорлық қадағалау деңгейін көтеру ішкі істер органдарының қылмыспен күрестегі статистикалық есебінде фактілерді бұрмалауды жою қажеттігі айтылды.

Мәжілістің қорытындысында пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстармен күрестегі заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде бірлескен нақты шаралар қабылдау жөнінде шешім қабылданды.

Бас прокуратураның алқасы сондай-ақ соттардың 2006 жыл мен 2007 жылдың І тоқсаны ішіндегі мерзімінен бұрын шартты түрде босату материалдарын қарау тәжірибесін қадағалаудың жай-күйіне жасалған талдаудың нәтижелерін де қарады.

Бұл ретте түзеу мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатқан кезде соттардың қамаудағылардың құқығына нұқсан келтіретін заң бұзушылықтар жіберетіні анықталды.

Прокурорлар талданып отырған кезең ішінде түзеу мекемелері әкімшіліктерінің заңсыз шешімдеріне 192 наразылық келтірді. Бұлардың бәрі де қанағаттандырылды.

Оның үстіне прокурорлардың наразылықтары бойынша сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қолдаухатты қанағаттандыру немесе одан бас тарту туралы 51 сот қаулысы тоқтатылды.

Бұл мәселені қараудың нәтижесі бойынша республиканың Иділет министрлігі мен Жоғарғы сотына заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны