11.06.2014, 19:32 1208

Бас Прокурор Қазақстандағы жол апатының басты факторларын атады

Статистикалық мәліметтердің динамикасы жол-көлік оқиғаларының өсімін байқатады. Мысалға, 2013 жылы олардың саны 65%-ға артып, 23 мыңнан асып түскен. Апаттардың салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза тапқан, соның ішінде 273-і балалар болған, 5000-нан астам баланы қоса алғанда 33 мыңға жуық адам жарақат және зақым алған.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиналысы өтті.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, Президент Икімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Жоғарғы соттың, ішкі істер, көлік және коммуникация, қаржы, әділет, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары, бейнеконференциялық байланыс арқылы - облыстардың прокурорлары, аймақтық үйлестіру кеңестерінің мүшелері, облыс әкімдерінің жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қатысты.

Бас прокуратураның жол жүрісі қауіпсіздігінің жай-күйіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген талдауының нәтижелері көрсетіп отырғандай, жолдардағы апаттылық жағдайы жақсармаған, адам шығынының саны азаймаған, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Статистикалық мәліметтердің динамикасы жол-көлік оқиғаларының өсімін байқатады. Мысалға, 2013 жылы олардың саны 65%-ға артып, 23 мыңнан асып түскен. Апаттардың салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза тапқан, соның ішінде 273-і балалар болған, 5000-нан астам баланы қоса алғанда 33 мыңға жуық адам жарақат және зақым алған. Неғұрлым көп жол оқиғалары тіркелген Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында соғұрлым күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Бас Прокурор атап өткендей, профилактикалық жұмыстың тиісінше болмауы, жолдардың нашар жағдайы, жүргізушілердің бекітілген жылдамдық режимін арттыруы, техникалық қауіпсіздіктің талаптарын бұзу жоғары апаттылықтың басты факторлары ретінде болып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны