16.04.2010, 18:43 3209

Бас прокурор президентке ведомствоның ағымдағы жылғы үш айдағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады

Бас прокурор президентке ведомствоның ағымдағы жылғы үш айдағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ.Мәми президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және ведомствоның ағымдағы жылғы үш айдағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Есепті кезең ішінде қылмыс 10 пайызға өскен. Мұндай жағдай жасалған қылмыстардың санының өсуінің есебінен емес, есепке алу-тіркеу тәртібін қатайтқаннан соң орын алып отыр. Соның бір айғағы, ауыр және орташа дәрежедегі қылмыстар деңгейі төмендегені байқалуда.

Иңгімелесу барысында сондай-ақ еліміздегі су қоймаларының қазіргі жағдайына тексеріс жүргізу туралы сөз болды.

"Бүгінгі күні, президенттің тапсырмасы бойынша, прокуратура тарапынан өзге уәкілетті органдармен бірлесіп, еліміздегі барлық су қоймаларына қатаң бақылау қолға алынып, тексеріс жүргізілді", - деді Қ.Мәми.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны