31.03.2010, 18:08 6660

Бас прокурор уәкілетті мемлекеттік органдардан түзеу-тәрбиелеу ықпалының тиімділігін арттыруды талап етті

Бас прокурор уәкілетті мемлекеттік органдардан түзеу-тәрбиелеу ықпалының тиімділігін арттыруды талап етті

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кезекті алқа мәжілісі өтіп, онда түзелу жолына түскен адамдарға қатысты жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру заңдылығының жәй-күйі мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алқа мәжілісінің жұмысына Жоғарғы сот, Иділет және Ішкі істер министрліктері, Қылмыстық-атқару жүйесі мен Икімшілік полиция комитеттерінің басшылары, Астана қаласы, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының прокурорлары қатысты.

Мемлекет басшысы бекіткен Құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық атқару жүйесін одан әрі ізгілендіру, сотталғандарды қоғамға қайтадан интеграциялау және әлеуметтендіру, сондай-ақ жазалау мекемелеріндегі осындай адамдарға қатысты оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шаралардың қолданылуын кеңейту қарастырылған.

Осыған орай, құзыретті органдар мен ведомстволар тарапынан жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырудың тәжірибесін жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Алқа мәжілісіне қатысушылар қаралған мәселенің өзектілігін атап көрсетіп, мұндай шараларды қолдану туралы әрбір өтінішті сотталған адамның ынталандыруы мен жазалауының бар болуына, өздері жасаған құқық бұзушылықтың заңға қайшы екенін сезінуі мен түзелу дәрежесі туралы мәліметтерді есепке ала отырып, мұқият тексерудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, түзеу мекемелері әкімшілігінің, басқа да құқық қорғау құрылымдарының тиісті қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысындағы кемшіліктерге назар аударылды.

Алқа мәжілісінің барысында Бас прокурор Қ. Мәми уәкілетті мемлекеттік органдардан жазаны орындаудың дербестік қағидасы негізінде түзеу-тәрбиелеу ықпалының тиімділігін арттыруды, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудан кейін тиісті бақылауды ұйымдастыруды талап етті.

Талқылау нәтижесінде алқа мәжілісінің мүшелері сотталғандардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз қамтамасыз етуге, осы мәселе бойынша прокурорлық қадағалау мен ведомстволық бақылауды жетілдіруге бағытталған шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны