21.02.2014, 19:14 3229

Бас Прокурордың бірінші орынбасары ЕҚЫҰ Орталық Азия елдері бойынша Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тьерри Марианимен кездесті

И.Меркель ЕҚЫҰ өкіліне құқық қорғау жүйесін реформалау барысы туралы баяндап, Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа редакцияларын әзірлеу аясында атқарылып отырған жұмыстар, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау кепілдігін күшейту саласында қабылдап отырған нақты шаралары туралы айтып берді.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Кеше Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Француз Республикасының Парламенті жалпы жиналысының депутаты, ЕҚЫҰ Орталық Азия елдері бойынша Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тьерри Марианимен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

И.Меркель ЕҚЫҰ өкіліне құқық қорғау жүйесін реформалау барысы туралы баяндап, Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа редакцияларын әзірлеу аясында атқарылып отырған жұмыстар, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау кепілдігін күшейту саласында қабылдап отырған нақты шаралары туралы айтып берді.

Сонымен қатар кездесу барысында терроризммен және адам саудасымен күрес мәселелері қозғалды.

Т.Мариани қабылдауға және мазмұнды ақпаратқа ризашылығын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны