05.10.2007, 15:09 2714

"Бәсекелестік туралы" заңға енгізілетін түзетулер әзірленді - Индустрия және сауда министрлігі

"Бәсекелестік туралы" заңға енгізілетін түзетулер әзірленді - Индустрия және сауда министрлігі


Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті "Бәсекелестік туралы" заңға енгізілетін түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз тексеруер жүргізу кезінде аталмыш заңнаманың белгілі бір кемшіліктерін байқадық, сондықтан да қазір елбасының жолдауына қатысты Жалпыұлттық жоспар аясында Бәсекелестікті қорғау комитеті "Бәсекелестік туралы" заңға енгізілетін жаңа түзетулерді үкіметке енгізді",- деп мәлім етті бүгін өткен баспасөз мәслихатында комитет төрағысы Илиакпар Матишев.

Ол, қолданыстағы заңға сәйкес, комитетке тексеру жүргізу құқығы берілгендігін еске сала кетті. Енді жаңа түзетулермен Бәсекелестікті қорғау комитетіне тексеру қағидаларын бекіту ұсынылады.

"Қағида - бұл шешім қабылдау барысындағы заңдылық, ашықтық және коллегиалдық болып табылады. Аталмыш қағидалар барлық кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қажет",- деп санайды И. Матишев.

Ол, аталмыш қағидаларды ұстану барысында "тексеру нәтижесі қандай да бір тарапқа өзгеруі мүмкін емес", деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны