07.12.2012, 14:13 2843

Баспана мәселесін саясиландырудың қажеті жоқ- Қ. Көшербаев

"Адамның баспағана қажеттілігі - бұл толғағы жеткен қажеттілік. Қажеттілік тұрғысынан келсек, шынымен де баспана бұл азыққа, суға деген қажеттілікпен бірдей деңгейде тұр.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев бүгін парламенттік тыңдауға сөйлеген сөзінде баспана мәселесін саясиландырмауға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Адамның баспағана қажеттілігі - бұл толғағы жеткен қажеттілік. Қажеттілік тұрғысынан келсек, шынымен де баспана бұл азыққа, суға деген қажеттілікпен бірдей деңгейде тұр. Тұрғын үй жайы әрбір азаматқа, әрбір қазақстандыққа қатысты елеулі мәселе. Бұл проблема әрқашан өзекті болып келген. Өздеріңізге белгілі, кейбіреулер бұл мәселені саясиландырғысы келеді. Сол арқылы маңызды әлеуметтік проблемаларды билік пен қоғам арасындағы барьер ретінде пайдаланғысы келетіндер де байқалады. Шын, нағыз патриоттар олай жасайды деп айта алмаймын. Керісінше, нағыз патриот - "нашарлаған сайын маған жақсы" деген қағидатпен айдақтайтындар емес, әлеуметтік маңызды мәселенің шешімін табатын тиімді тетік ұсынатындар деп білемін", - деді Қ. Көшербаев.

Вице-премьердің айтуынша, тәуелсіздік жылдары Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес нормативтік-құқықтық база жасалды, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң қабылданды, сала мәселелерімен айналысатын институттар құрылды. Атап айтқанда, Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттік, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", Қазақстанның ипотекалық компаниясы, Қазақстандық ТКШ жаңарту және дамыту орталығы, ТКШ дамыту қоры жұмыс істей бастады.

Оған қоса, тәуелсіздік жылдары 1,5 млн. астам қазақстандық өз баспана жағдайларын жақсартты. Тек 2005-2007 жылдардың өзінде 17 млн. шаршы метр баспана салынды.

Бүгінде халықтың барлық санатын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы қабылданып отыр. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,2 трлн. теңге қаржы бөлу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны