12.05.2015, 17:35 3977

"Батыр арулар" байқауыныӊ жеӊімпаздары анықталды

Үміткер Искери қызметші қыз-келіншектер арасындағы "Батыр арулар" республикалық байқауы жеӊімпаздарыныӊ есімдері белгілі болды. "Батыр арулар" атағын алу үшін сайысқа 120-дан астам әскери қыз-келіншек қатысты

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Искери қызметші қыз-келіншектер арасындағы "Батыр арулар" республикалық байқауы жеӊімпаздарыныӊ есімдері белгілі болды. "Батыр арулар" атағын алу үшін сайысқа 120-дан астам әскери қыз-келіншек қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштері әскери мамандықтарыныӊ 12 үздік өкілі анықталды. Олардыӊ қатарында Мәдина Аманжолова, Лунара Баймұқаметова, Мария Власова, Салтанат Ғабдоллашева, Баян Жапарова, Гүлзада Қамешова, Айгерім Қаракүшікова, Бота Қорабаева, Исем Сиқымбаева, Айдай Үсенова және Илия Хайруллина бар. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бүгінде әскери шен таққан қыз-келіншектеріміз туралы байқау бүкіл әлемге танымал болды. Дауыс беру Қорғаныс министрлігініӊ сайтында 1 сәуірден бастап 6 мамырға дейінгі аралықта өтті. Осы уақыт шеӊберіндеәскери аруларымызға рекордты көрсеткіш санында, яғни 255 725 дауыс берілді.

Ресми марапаттау шарасына дейін сайыс жеӊімпаздары далалық жағдайларда жауынгерлік тәсілдер мен жаттығуларды орындапжауынгерлік даярлықты көрсетеді. Олар өздерініӊ ұдайы жауынгерлік даярлығы мен жүктелген міндеттерді үнемі сәтті орындайтынын дәлелдеуі қажет. Сонымен бірге "Батыр арулар" байқауыныӊ жеӊімпаздары үшін мамандандырылған фотосессия ұйымдастырылып, олардыӊ фотолары арнайы күнтізбеге басылып шығады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны