07.10.2016, 14:01 4745

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік дәлізін бойлай Оӊтүстік Қазақстан облысы аумағында 3 қызмет көрсету нысаны салынуы мүмкін

Оӊтүстік Қазақстан облысы "Экспо-2017" көрме қонақтары үшін ерекше туристік өнім ретінде жарнамалануда.

Шымкент. 7 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы "Экспо-2017" көрме қонақтары үшін ерекше туристік өнім ретінде жарнамалануда.

Бұл туралы "Ontustik Tourism-2016" Халықаралық туристік форумы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментініӊ директоры Марат Игалиев мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, 2014 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ ұсынысына сәйкес, "Түркітілдес мемлекеттердіӊ ынтымақтастық кеӊесіне" мүше елдер арасында (Түркия, Қырғызстан, Изірбайжан, Қазақстан) "Жібек жолы бойынша бірыӊғай туристік маршрут" әзірленіп, аталған бағыттарға Түркістан қаласыныӊ туристік нысандары да енгізілген.

Сондай-ақ, ол "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрме қонақтары үшін Оӊтүстік Қазақстан облысы ерекше туристік аймақ ретінде жарнамаланып жатқанын жеткізді.

Қазақстан Республикасыныӊ 2020 жылға дейінгі туризм саласын жаӊа қалыпта дамыту жөнінде сөз қозғаған департамент директоры Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ мәдени туризм және турне бағыттарында жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

Сондай-ақ, ол "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік дәлізініӊ бойына қоғамдық нысандар салу бойынша жасалған талдау нәтижесінде Оӊтүстік Қазақстан облысына жергілікті жердіӊ тарихи мұрасымен байланысты 3 қызмет көрсету нысанын салу ұсынылып жатқанын хабарлады.

Жиында сөзін қорытындылаған Марат Игалиев Оӊтүстік Қазақстан Ұлы Жібек Жолыныӊ жүрегі ретінде дамытуды позициялау мақсатында ұйымдастырылған шара туристік әлеуеттіӊ артуына және өӊірлер арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға серпіліс беретінін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны