13.04.2018, 22:07 5827

Батыс Қазақстан облысында 1 сәуірден бері 300 декларация в электрондық форматта рәсімделді

"Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаменті бойынша экспорттық және барлық импорттық процедуралар бойынша 300-ден астам декларация рәсімделді. Олардыӊ 80%-ы жасыл коридор арқылы шығарылды. Шығару мерзімі - 1 минут", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментініӊ Кедендік бақылау басқармасыныӊ басшысы Қайрат Кенжеғожин.

Орал. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда Электрондық декларациялау жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бері (1-сәуір) Батыс Қазақстан облысында 300 декларация в электрондық форматта рәсімделді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Содан бері 2 апта ғана өтсе де, бағдарлама біршама жеӊілдік тудырып үлгерді. Бағдарлама үдерістердіӊ жылдамдығы мен ашықтығын қамтамасыз етіп, уақыт пен қаржы шығынын азайта отырып, кедендік рәсімдеу мен бақылауды жеделдетті және жеӊілдеді.

Енді кәсіпкерлерге тауардыӊ декларациясын рәсімдеу үшін Мемлекеттік кіріс департаментініӊ Кедендік бақылау басқармасына келудіӊ қажеті жоқ. "Астана -1" Ақпараттық жүйесі Электрондық декларациялау бағдарламасы қолданысқа енгізілуініӊ арқасында мұныӊ барлығын кеӊседен шықпай-ақ іске асыруға болады. Электрондық декларациялар электрондық жолмен қабылданып өӊделеді, қағаз құжаттарды қосымша ұсынудыӊ қажеті жоқ. Декларациялардыӊ дайын болу мерзімі бірнеше ондаған рет қысқарды.

"Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаменті бойынша экспорттық және барлық импорттық процедуралар бойынша 300-ден астам декларация рәсімделді. Олардыӊ 80%-ы жасыл коридор арқылы шығарылды. Шығару мерзімі - 1 минут", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментініӊ Кедендік бақылау басқармасыныӊ басшысы Қайрат Кенжеғожин.

Электрондық декларациялаудыӊ артықшылығы айқын көрініп отыр. Мамандардыӊ айтуынша, қағазсыз технологияға көшу мемлекеттіӊ азаматтар мен бизнеске қызмет көрсету және өзара ықпалдасуға қатысты көзқарасын өзгертуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері "Астана -1" Ақпараттық жүйесі бойынша тек "Экспорт" кедендік процедурасы бойынша декларациялар ғана рәсімделген. Осылайша 21 мыӊ декларация өӊделді, олардыӊ 97%-ы автоматты режимде рәсімделді. 1 -сәуірден бастап барлық кедендік процедуралар бойынша тауар декларациялары рәсімделе бастады.

"Біз жұмысымыздыӊ жеӊілдей түскенін елеулі түрде сезіндік. Декларацияны Интернетке қолжетімділік болған жағдайда кабинеттен шықпай-ақ рәсімдеуге болады. Бағдарлама толықтай тегін екендігі де бір артықшылық. Брокерлер ешбір шығынға ұшырамайды. Бүгінгі күні біз түрлі процедуралар бойынша көптеген декларация рәсімдедік. Бізде бос қойма болғандықтан, импорт-экспорт және дайын өнімді шығару секілді барынша кеӊейтілген әрі күрделі режимдер де болған", - дейді "Кублей" ЖШС кедендік рәсімдеу және сертификаттау бөлімініӊ төрайымы Жанна Апиева.

Мамандардыӊ айтуынша, декларациялардыӊ тек 20%-ға жуығы ғана тексеру іс-шараларына бақылауға жіберіледі. Оған іріктеу тәуекелдерді басқарудыӊ автоматтандырылған жүйесі арқылы жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны