19.10.2009, 15:29 3385

Батыс Қазақстан облысында білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында өрт қауіпсіздігін тексерген кезде 1333 заң бұзушылық анықталды

Батыс Қазақстан облысында білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында өрт қауіпсіздігін тексерген кезде 1333 заң бұзушылық анықталды

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында өрт қауіпсіздігін тексерген кезде 1333 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдары адамдардың көпшілік жинақталған орындарында, соның ішіндегі әлеуметтік нысандарда өрт қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді.

"352 білім беру мекемелері, 36 денсаулық сақтау ұйымдары, 23 балалар мен қарттар үйлері тексерілді. Тексерістердің нәтижесінде 1333 заң бұзушылық анықталып, тексеріс барысында оның 182-сі жойылды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, көбінесе, терезелерге темір торларды толық орнату, автоматты өрт дабыл қаққыш жүйесінің болмауы, алғашқы өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталмауы, ағаш құрылғыларды оттан қорғайтын құраммен өңдемеу, электр сымдарының жөнделмеуі, өрт сөндіргіш құралдарының бар - жоқтығына өз ішінде тексерістердің жүргізілмеуі, қызметкерлерді нұсқаулықпен таныстырмау, эвакуациялық жолдардың болмауы және т.б. заң бұзушылықтарда көрініс тапқан.

"Мәселен, тексеру нәтижесінде білім беретін 13 және денсаулық сақтау саласындағы 6 нысанда Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі ережесінің 45- тармағының 9-тармақшасы, 171 және 219- тармағының 3- тармақшалары талаптарының бұзылуы, яғни терезелерге толық темір торлардың орнатылу фактілері анықталды,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Аталған ереженің 36 тармағына сай білім берудің - 148, денсаулық сақтаудың - 15, балар үйі, интернат және қарттар үйінің - 6 мекемесінде автоматты өрт дабыл қаққыш жүйесі орнатылмаған.

Қазіргі уақытта барлығы 113 білім беру, 25 денсаулық сақтау, 9 интернат, балалар және қарттар үйлері алғашқы өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталмаған.

Сонымен қатар, тексеріспен көптеген онша қаражат бөлуді қажет етпейтін қарапайым бұзушылықтар анықталды. Мысалы, эвакуациялық шығу жолдары әр түрлі заттармен жабылып қалған, кірер жол таба алмайсың, немесе ондай шығулар ғимараттың дұрыс емес жағында салынған.

Жоғарыда аталған заң бұзушылықтарға байланысты прокуратура органдары ұйғарымдар енгізіп, 412 әкімшілік өндіріс қозғалды, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны