08.11.2006, 16:14 2815

Батыс Қазақстан облысында қаржы полициясы департаменті, ҰҚКД мен қадағалау органының жетекшілері қызметтен босатылды

АСТАНА. 8-қараша. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында қаржы полициясы департаменті, ҰҚКД мен облыстық және Орал қалалық прокуратурасының жетекшілері қызметтен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызмет бабындағы міндеттерін дұрыс орындамағаны және заң бұзушылыққа жол бергені үшін облыс прокуроры Сансызбай Үмбеталиев, оның бірінші орынбасары Молдағали Уапов, Орал қаласының прокуроры Закария Саралиев, облыстық қаржы полициясы департаментінің бастығы Рамазан Тілеухан, ҰҚК-нің облыстық департаментінің төрағасы Игорь Нұрмұхамедов қызметінен босатылды",- делінген мекеменің хабарламасында.

Мұндай шешім бүгін Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау және арнаулы органдарының жетекшілері тарапынан заң мен қылмыстық этиканы сақтау мәселесі бойынша өткен шұғыл кеңесте қабылданды. Кеңеске ҚР Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков, ҚР ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаев, ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Нұрлан Ибдіров қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны