27.12.2006, 14:36 3539

Батыс Қазақстан облысында қаржы полициясының жаңа басшысы тағайындалды

ОРАЛ. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы лауазымына қаржы полициясының полковнигі Айвар Боданов тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне БҚО әкімшілігінен хабарлады.

44 жасар А. Боданов соңғы екі жылда ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің экономикалық және қаржы қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы қызметін атқарған. Бұған дейін Жамбыл облысының салық полициясы комитеті басқармасының экономикалық қылмыстармен күрес бөлімі бастығының орынбасары, Қызылорда облысының қаржы полициясы департаментінің, салық полициясы комитетінің басқармасы бастығының орынбасары, Атырау облысының қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Батыс Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментін басқарған Рамазан Тілеухан арнайы комиссияның күш құрылымдары арасында туған жанжалды тергеуінен кейін қараша айының басында жұмыстан босатылған. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша сондай-ақ, "қызметтік міндеттерін атқара алмаған және заң бұзғаны үшін" облыс прокуроры Сансызбай Үмбеталиев, оның бірінші орынбасары Молдағали Уапов, Орал қаласының прокуроры Закария Саралиев және Облыстық ҰҚК департаментінің бастығы Игорь Нұрмұхамедов лауазымдарынан шеттетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны