20.06.2008, 10:17 1346

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алулар саласында көптеген заң бұзушылықтар анықталды

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алулар саласында көптеген заң бұзушылықтар анықталды

Орал. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында прокурорлық тексерулер мемлекеттік сатып алулар саласындағы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс прокурорының аға көмекшісі Айгүл Жамансариева хабарлады.

"Тексерулер конкурсқа біліктілік талаптарына да, жарыс құжаттамасына да жауап бермейтін жеткізушілерді қатыстыру оқиғаларының болғанын көрсетті. Бір көзден сатып алуда жеткізушіні анықтау жекелеген жағдайларда заң талаптарын орындамастан іске асырылған", - деп хабарлады А. Жамансариева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны