12.04.2018, 18:34 3850

Батыс Қазақстан облысында үздік мемлекеттік қызметкерді іріктеу жүргізіліп жатыр

Оралда Қазақстанныӊ мемлекеттік қызметініӊ құрылуына 20 жыл толуына орайластырылған республикалық байқаудыӊ өӊірлік кезеӊі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today

Орал. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Оралда Қазақстанныӊ мемлекеттік қызметініӊ құрылуына 20 жыл толуына орайластырылған республикалық байқаудыӊ өӊірлік кезеӊі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқауға қатысуға облыстан 28 мемлекеттік қызметкер өтінім берген. Тестілеу форматында өткізілген бірінші кезеӊге 24 адам жолданды. Байқау комиссиясы олардыӊ стратегиялық бағдарламалық құжаттарға қатысты білімін тексерді. Келесі кезеӊге жіберуге мүмкіндік беретін өту баллына 15 маман ие болды. Олардыӊ арасында Орал қаласыныӊ әкімі аппаратыныӊ бас инспекторы Аманжол Естеков бар. Ол байқау - өз әлеуетіӊді көрсету мүмкіндігі деген сенімде.

"Бұл - келешек мәнсаптық өсу үшін үлкен мүмкіндік. Кәсіби тұрғыда өсуге ниеті барлар осындай байқауларға міндетті түрде қатысуға тиіс. Бұған қоса олар креативтік қасиеттерін де дамыта түседі. Өйткені біз мемлекеттік органдардыӊ қызметін жақсарта түсуге бағытталған жобаларды республикалық деӊгейде қорғайтын боламыз. Бұл мемлекеттік қызметті одан әрі жақсарту үшін жас мамандарға аса қажет", - деді Естеков.

Екінші кезеӊі сұхбат түрінде өткізілді. Қатысушыларға заӊнамалық нормаларды пайдалана отырып ахуалдық мәселелерді шешу ұсынылды. Бұл турда креативтілік пен инновациялық көзқарас бағаланды.

Айта кету керек, байқауға қатысушылардыӊ басым бөлігі - жастар. Өздерініӊ белсенділігін паш ету арқылы олар өз әріптестері арасында лайықты мемлекеттік қызметкер бола алатынына сендіреді. Бүгінгі күні облыста мемлекеттік қызметтіӊ 4400-ден астам маманы жұмыс істеуде.

"Балалардыӊ дайындық деӊгейі жоғары. Тыӊ идеялар да бар. Біз жұмысқа қатысты қызғылықты көзқарастарды байқадық. Лайықты таӊдау жасалады деген сенім зор", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментініӊ басшысы Болат Исақов.

Байқау қорытындысы шығарылғаннан кейін жоғары балл жинаған қатысушылар республикалық комиссияныӊ алдында өз қабілеттерін паш етеді. Ағымдағы жылдыӊ мамыр айында өткізілетін үшінші кезеӊде олар ұсынылған тақырыптарға жеке жобаларын жасап қорғайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны