04.09.2009, 18:02 2776

Батыс Қазақстан облысында "Жол картасын" жүзеге асыруға 5 миллиардтан астам теңге бөлініп, 30 денсаулық сақтау, 96 білім беру және 36 мәдениет нысандары жөндеуден өткізілді

Батыс Қазақстан облысында "Жол картасын" жүзеге асыруға 5 миллиардтан астам теңге бөлініп, 30 денсаулық сақтау, 96 білім беру және 36 мәдениет нысандары жөндеуден өткізілді

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында "Жол картасын" жүзеге асыруға 5 миллиардтан астам теңге бөлініп, 30 денсаулық сақтау, 96 білім беру және 36 мәдениет нысандары жөндеуден өткізілді. Бұл туралы бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Президенттің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Б. Ізмұхамбетов облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы және "Жол картасын" жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 5 миллиардтан астам теңге бөлінді, қаржының жартысынан астамы қазірдің өзінде игерілді. Нәтижесінде 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 30 денсаулық сақтау, 96 білім беру және 36 мәдениет нысандары жөндеуден өткізілді.

"Мемлекет басшысы әлеуметтік бағдарламалар мен жол картасы нысандарының белгіленген мерзімде және мүлтіксіз орындалуына ерекше назар аударуды тапсырды", - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов журналистермен болған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны